Қорғаныс министрі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы туралы ойын ашып айтты
Қорғаныс министрі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы туралы ойын ашып айтты
Кеше депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат Алматыдағы гарнизоннан қашып кеткені белгілі болған еді. Осыған байланысты Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан оны қандай жаза күтіп отырғаны туралы сұраққа жауап берді.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың тәрбиесінде олқылық кеткенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Ол әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалған. Әскер жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын орын емес. Біздегі функция мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Түсінесіз бе? Бұл туралы мен айтқанмын”, - деді Руслан Жақсылықов.
Министр қашып кеткен депутаттың ұлы мен оның қашуына жол берген әскери қызметкерлер міндетті түрде жазаланатынын айтты. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін екенін айтты министр.