Мас жүргізуші екі полицейдің өліміне себепші болды
Мас жүргізуші екі полицейдің өліміне себепші болды
ашық дереккөзі
Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болған жүргізуші полицейді қағып кетті. Жол көлік оқиғасынан алған дене-жарақатынан 42 жастағы полицей көз жұмды деп хабарлайды, Newsroom+ақпарат агенттігінің тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылғы қала тұрғыны бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан. Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан. Көлік салонында екі полиция қызметкері болған. Өкінішке орай, 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев алған жарақаттарынан жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болды. Полицейдің артында жары мен екі қызы қалды.
Екінші полицей Дастан Әбдіқанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.
BMW жүргізушісі қамауға алынып, бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Кейін белгілі болғандай, 26 жасар Дастан Абдықанов та ауруханада қайтыс болған. Марқұмның артында бір айлық сәбиі қалды.