Психологиялық тест: Сіз саусақтарыңызды айқастырыңыз, біз қандай адам екеніңізді айтамыз!

16 Ақпан, 2020 198 0

Сарапшылардың айтуынша, адам саусақтарын бір-біріне қалай айқастырғанына қарап, оның мінез-құлқы мен болмысын оңай анықтауға болады. Дәл қазір екі қолыңызды бір-біріне айқастырып ұстаңыз. Қалай шықты? Ары қарай жауабын ұсынамыз.

1.     Сол қолдың бас бармағы үстінде болса...

Сіз практикаға бейім адамсыз. Ешқашан қызуқандылықпен шешім қабылдамайсыз. Айналаңыздағылар үшін сіз «өтірік детекторы» сияқтысыз. Сізді көпшілік осы шыншылдық талап етуіңіз бен шынайылығыңыз үшін бағалайды. Сондай-ақ үлкен жиындарда, орталарда айтатын қалжыңдарыңыз бен әзілге жақындығыңыз сізге деген ерекше назар аудартатын күшіңіз деуге болады. Қанша әділ әрі реал ойлайтын болсаңыз да, сіздің романтик екеніңіз басты ерекшелігіңіз. Қай жерде не айту керек екенін жақсы білесіз.

2.     Екі бас бармақ қатар тұрса...

Сіз перфекционист адамсыз және адамдардан да өзіңізге осындай қарым-қатынас талап етесіз. Көшбасшылық сіз үшін өмірдің басты мәні, болмысыңыздың айқындаушысы. Айналаңызда тек әділдік орнағанын қалайсыз. Дегенмен, бұл сіздің әлсіздерге жиі кө мектесетініңізді, қанатыңыздың астына алатыныңызды көрсетпейді. Сіздің адалдығыңыз, ашықтығыңыз кейде өзіңізге жау тауып береді.Одан бөлек, қарым-қатынаста өте ашық әрі тұрақтысыз. Серігіңізге ойыңызды ашық айтуыдан қымсынбайсыз және одан да сондай ашықтық талап етесіз.

3.     Оң қолдың бас бармағы үстінде болса...

Егер ойланбастан қолыңызды айқастырғанда, оң қолыңыздың бас бармағы үстінде қалса, сіз көңіл-күйдің адамысыз. Сізден еш нәрсені жасыруға болмайды, бәрібір біліп қоясыз. Бұл қасиет сізге ерекше ойлауға мүмкіндік береді. Осы арқылы адамдарды өзіңізге тартып тұрасыз. Қарым-қатынасты екінші жартыңызға эмоциялық тұрғыда ешқандай қиындық тудырмайсыз. Өйткені оның көңіл-күйін алдын ала сезіп тұрасыз.



Тегтер: психологиялықтест, саусақ, болмыс, мінез-құлық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.