Жаңалықтар

Қазақстанда қаржылық пирамида мен интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін сақтық шаралары ұсынылады

Қазақстанда қаржылық пирамида мен интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін сақтық шаралары ұсынылады

Қазақстанда жыл сайын бірнеше мың адам пирамидалық схемалардың құрбанына айналады. Адамдар осы мақсатта жылжымайтын мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, жерді, көліктерді сатуда. Қазақстандықтар «инвестициялық компанияға» қаражат салу арқылы табыс табуға болатынына шынайы сеніп қалып, түскен қаражатты кепілге қояды. Алайда, біраз уақыттан кейін олар ақшаны да, уәде етілген дивидендтерді де алмағандарын, керісінше, жинақтарын жоғалтқанын, ештеңе қалмағанын кеш түсінеді. Барлық қаржылық пирамидалары қауіпті саналады, өйткені белгілі бір уақытта мұндай «инвестициялық компаниялар» құлдырауға бейім. Әдетте, кез келген қаржылық пирамиданың схемасы ұйымдастырушылар жоғары пайыздар мен дивидендтер уәде ете отырып, инвесторлардан ақша алады. Жинақталған қаражат мөлшері белгілі бір мөлшерге жеткенде төлемдер тоқтатылады, содан кейін, әдетте, ұйымдастырушылар салымшылардың ақшасымен бірге жасырады. Әрине, қаржы пирамидасы құлдырай бастағанға дейін салымшының ақшасын алу мүмкіндігі бар, дегенмен мұндай ықтималдық аз екенін мойындау керек. Тәжірибеге сүйене отырып, адам тез баюға үміттеніп, пирамидаға қайта-қайта ақша салады және бір сәтте барлық жинақтарынан айырылады деп қорытынды жасауға болады. Қаржы пирамидаларына қатысты атышулы қылмыстық істер: 2020 жылы пандемия кезінде еліміздің бірнеше облыстарынан, соның ішінде Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан қазақстандықтар Lombard 24 компаниясының алаяқтық әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына жаппай арыз жаза бастады. Инвестицияланған соманың кірісінің 40 пайызына дейін халыққа ай сайын төлеуге уәде берілді. Бұл жағдайдан зардап шеккендер еліміздің әр аймақтарынан тіркелген. Өткен жылдың басында тағы бір «Капитал плюс» қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі айыпталушыға үкім шықты. Іс материалдарында «Капитал плюс» ЖШС қызметінен келтірілген шығынның жалпы сомасы үш миллиард теңгеден астам екені анықталды. Екі адам кінәлі деп танылды — олардың әрқайсысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар 35 пайыздық пайдамен ақша мен мүлік салуды ұсынды. 600-ден астам адам зардап шеккен деп танылды. Сотталғандар барлық салымшыларға өтемақы төлеуге міндеттелді. Іске қатысы бар тағы бір адам – қаржы пирамидасын құрушы және осы ұйымның штаттан тыс басшысы – халықаралық іздеуде. Тергеу амалдары жалғасуда. Прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары Арман Күпенов: - Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларының бірден-бір басты мақсаты – салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен алуды көздейді. Олар эмоциялармен ойнай алады, манипуляция жасай алады, психологияны меңгерген. Олар болашақ құрбандарына не және қалай айту керектігін біледі. Халықтың сенімін арттыру үшін инвесторлармен кездесулер өткізеді. Үлкен әсер беру үшін олар алғашқы айлардағы міндеттемелерін жүйелі түрде орындайды, келісілген уәде етілген пайыздарды, бонустарды төлеп тұрады. Бұл ұйымның төлем қабілеттілігін дәлелдеу үшін ғана жасалады. Сондай-ақ олар тек компанияның ғана емес, салымшылардың өздері үшін де табыс өсуі үшін туыстарын, достарын, таныстарын шақыруға шақырады. Азаматтарымызды қорғау мақсатында өткен жылы Қазақстанда қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схемаларды жарнамалағаны үшін екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу түріндегі жазаны қарастыратын заңға қол қойылған болатын. Алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан адамдар қалай сақтануы керек? Біріншіден, халыққа «жеңіл әрі жылдам ақша» деп уәде етілген қылмыстық маркетинг деп аталатын жолға түсіп қалмауы керек. Әдетте, қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылар инвестициядан немесе пассивті кірістен жоғары табысқа «кепілдік береді». Мысалы, олар екінші деңгейлі банктердегі пайыздық мөлшерлемені салыстырып, 35-40 пайыз сыйақыға уәде беріп, өз шарттарын ұсынады. Егер сізге қолайлы болып көрінетін осындай шарттар ұсынылса, бұл мұндай инвестициялардың орындылығына күмәндануға негіз болады. Тағы бір назар аударатын жайт, азаматтарды еш ойланбастан жылдам инвестициялауға шақырады. Бұл әрекеттің өзі адамдарға ескерту белгісі болуы керек, өйткені біз агрессивті жарнама туралы айтып отырмыз, азаматтарға ойлануға, барлық мәліметтерді нақтылауға уақыт берілмейді. Қаржы пирамидасының тағы бір белгісі — туыстарын, достарын және таныстарын әкелгені үшін бонустар уәдесі, яғни адамдарға клиенттерді тарту және сол арқылы ақша табу жүйесін құру ұсынылады. Қаржы пирамидасының құрбаны болмай, қалай сақтануға болады? Азаматтарды өз жинақтарын инвестициялауға ынталандыратын инвестициялық компанияның беделімен танысу керек. Депозиттерді қабылдауға уәкілетті органның лицензиясын көрсетуді сұрау қажет. Бұл айта кететін жайт, егер лицензия болмаса, онда бұл пирамидалық схема болу ықтималдығы жоғары, және өздеріңіз білетіндей, тиісті лицензиясыз мұндай ұйымдардың қызметі заңсыз болып саналады. Сондай-ақ, ешқандай жағдайда ақшаңызды несиелік келісімге отырған компанияларға салу ұсынылмайды. Ең соңында компанияның салымшылардың ақшасын қалай қабылдайтынына назар аудару керек. Егер қолма-қол ақша үшін — бұл сақ болуға себеп. Егер ақша әлдеқашан салынған болса және қаржылық пирамидамен айналыстым деп ойласаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуы керек. Алаяқтықтың ең көп таралған жағдайлары онлайн сауда, атап айтқанда, әлеуметтік желілер арқылы, мысалы, Instagram арқылы. Керемет арзан заттар мен жарты бағадағы ыстық мәмілелер бейтаныс онлайн сатып алушыларды қызықтыруға арналған. Сонымен қатар, сенгіш азаматтар жазылушылардың санын, өнімнің әдемі фотолары мен бейнелерін басшылыққа алады, содан кейін тапсырыс береді, бірақ өнім жоқ. Кейінірек бұл жалған аккаунттың иелері профильдің атын жай ғана өзгертіп, енді шартты түрде көзілдіріктің орнына әйелдер сөмкелерін сататыны белгілі болды. Бұл әртүрлі интернет сайттарына да қатысты. Сондықтан азаматтарды ықтимал келеңсіздіктерден қорғау үшін сақтық ережелерін сақтауды сұраймыз. Мысалы, тауарларға тек сенімді жеткізушілерге тапсырыс беру, олардан нақты тұтынушылардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, толық ақпаратты сұрау. Ал банк арқылы ақша аудару, әлеуметтік желілердегі жеке хат-хабарлар туралы мәліметтерге келетін болсақ, арызданушы ұсынған барлық материалдар қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп, дәлел ретінде қызмет етуі тиіс. Жоғалған ақшаны қайтару үшін дереу арыз жазу арқылы полицияға хабарласу маңызды. Өтініш берушінің жедел әрекет етуі полицияға алаяқтыққа күдік туғызғандарды іздеу бойынша жедел іс-шараларды бастауға мүмкіндік береді. Адал азаматтардың ақшасын заңсыз алу үшін алдап-арбау тәсілдері жылдан-жылға «дамытылып жатөан өнертапқыштықтің көзі» болып бара жатқанын мойындаған жөн. Адамдардың қаржылық сауаттылығы төмен болғандықтан көліктерін, пәтерлерін «инвестициялық компанияларда» ломбардқа қояды деп есептейді мамандар. Төмен қаржылық сауаттылық пен оңай және жылдам пайдаға ұмтылу — бұл адамдарға қылмыстық контингент құрылымдарына жол ашатын комбинация. Қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты қылмыстық істерді тергеудің күрделілігі қандай? Қылмыстық істің ең қиыны – қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдікке ілінгендерді ұстау. Әсіресе, қылмыстық іс бойынша айыпталушылар елден кетіп жатқанда. Сонда күдіктілерді экстрадициялау мәселесі туындайды. Жедел бөлімшелер күдіктілерді іздестіруде, тергеу кезеңі үзілуде. Экстрадициялау процесі біраз уақыт алуы мүмкін. Күдіктілерді беру туралы келіссөздерді мемлекеттердің уәкілетті органдары жүргізеді. Бекітілген шарт экстрадициялауды шарттың болуын талап ететін қатысушы мемлекеттерге Ұйымдасқан қылмыс туралы конвенцияны басқа қатысушы мемлекеттермен қарым-қатынасында ұстап берудің құқықтық негізі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Зардап шеккен салымшыларға келтірілген шығынды өтеу мүмкіндігі туралы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары жәбірленушілерге қылмыстық іс бойынша сотталушыларға, егер олардың кінәсі сотпен дәлелденсе, келтірілген зиян сомасын өндіріп алуға талап қою құқығын береді. Талап арыз қылмыстық істі қарау барысында немесе сот үкімі шыққаннан кейін берілуі мүмкін. Өндіріп алу мәселесі азаматтық іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар мен айналысушыларға қандай жауапкершілік қарастырылған? Қаржы пирамидасын бір адам басқара алмайтыны анық. Сондықтан, әдетте, қаржылық пирамидаларды жасаушылардың сыбайластары, агенттері, орындаушылары болады, тиісінше «адамдар тобының қылмыс жасауы» 2-бөлігі бойынша үш жылдан жетіге дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Егер iс материалдарында қылмыстық топтың болғаны анықталса және iрi мөлшерде зиян келтiрiлсе, мүлкi тәркіленіп, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады. Осы жерде айта кететін жайт, төтенше шара – 10 жыл бас бостандығынан айыру – 12 жылға дейін ұлғайтылды.