Жігіттің жарды өзі таңдауы ажырасуға әкеледі – Омар Жәлелұлы
Жігіттің жарды өзі таңдауы ажырасуға әкеледі – Омар Жәлелұлы
Абайтанушының ойынша жігіттердің жарды өзі таңдауы көптеген ажырасулардың себебі болып жатыр. Омар Жәлелұлы бұл ойымен AbayLIVE Youtube каналына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды newsroom.kz.
«Ұл өзі өскендей, келін өзі түскендей» деген сөз бар. Қазақта бұрын келіннің түсуіне мыңдаған адам жұмыс істеген. Бүкіл әулет араласқан. Ұл ер жеткенде әкесі атқа қонған. «Елден елді аралап, тектіден текті саралап, бектердің қызын айттырсам, нұсқасын байқап шамалап» дейді. Себебі бұл әулеттің жұмысы, ал амбициясы бар жастар айтуы мүмкін, бұл менің проблемам деп. Өзім таңдаймын деу қате көзқарас», - дейді ол.
Ол мысалыға белгілі адамдарды келтірді.
«Атақты продюсер, МузТВ бұрынғы басшысы Арман Дәулетияровтың өмірін алып қараңызшы. Шешесі таңдап берген қызды алып ең бақытты отбасылардың бірі болып отыр. Үш-төрт ұл туып берді. Қазақ бірінші үйленіп, кейін махаббат пайда болады деп түсінген. Батыста махаббатпен үйленеді, одан кейін ажырасады. Бұл қазақтың өзінің дәстүрлі үйлену жолы. Зер қадірін зергер біледі, ал қыз таңдайтын адам жай адам болмауы керек. Бала сенің ұрпағың, менің үлкен ұлым да менің проблемам деген. Мен сонда «кешір, бұл сенің де, менің де проблемам емес, біздің 77 адамыздың проблемасы. Егер сен үйге тексіз әйел әкеліп, менің ата-бабаларымның әруағы риза болмаса, біздің тірлігіміз дұрыс болмайды» деп айттым. Бұл ақылды көп ата-ана балаға өсіп кеткеннен кейін айтады, оны бес жастан бастап айтуы қажет. Себебі, ол қазақтың болашағы. Әр қазақ баласы «мен үйленсем қазаққа қандай пайда? Үйленбесем қандай зиян?» деп ойлануы керек. Осыны ойланбай жатқандықтан, санасыз жастар көп болғандықтан қазақ өспей жатыр. Саналы ұл-қыз тәрбиелемесек ұлт ретінде құримыз», - деп түсіндірді абайтанушы.
Сұхбаттың толық нұсқасын
https://www.youtube.com/watch?v=LQnZrfSsN1c&t=1160s сілтемесі арқылы көруге болады.