Жаңалықтар

Белгілі экобелсенді депутаттарды министрліктерге практикаға шақырды

Белгілі экобелсенді депутаттарды министрліктерге практикаға шақырды

  Мәжіліс депутаттары екі ай демалыстарында министрліктерден практикадан өтсе дұрыс болар еді – деп жазды экология мәселесін көтерумен көзге түсіп жүрген Сәкен Ділдахмет өзінің фейсбук парақшасында. «Мемлекеттік органдардың жұмысымен жіті танысып, қыркүйекте саланы біліп шығуға жақсы мүмкіндік туады» - деген ол newsroom.kz редакциясының мәліметінше, осыған дейін Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы болып 3 жылдан астам жұмыс істеген. «Экология саласы бойынша практикант табылса, қуана түсіндіріп беремін!» деген С.Ділдахметтің жазбасынан кейін біз оның өзіне хабарласып, осы мәселеге толығырақ пікір білдіруін сұрадық және редакция тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісіне e-otinish.kz жүйесі арқылы ресми сауал жолдаймыз. Айта кету керек Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында түрлі мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға сауал жолдап, көкейдегі түрлі сауалдарға жауап алып жүрміз. Әйтпесе, қаншама сұрақ көкейде көміліп қалушы еді. Әлгі бір танымал әлеуметтік желі белсенділері жазғандай Бұған да шүкір! Қоңырақын ҚЫБЫРАЙ