ШҚО және тікұшақ. МИ-8 МТВ бен МИ-2 нешеу?

ШҚО және тікұшақ. МИ-8 МТВ бен МИ-2 нешеу?

ашық дереккөзі

Жуырда қазнетте белгілі журналист Асхат Ниязов пен ШҚО бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің арасындағы бейне сұхбат көрерменді елең еткізді. Өңірлердегі әкімдермен сұхбат алып, алыс аймақтардағы өзекті мәселені көтеріп жүрген журналист А.Ниязов пен қазақстандық саясатта «ауыр салмақтағы» тұлғалардың бірі саналатын Д.Ахметов сұхбатында ШҚО-дағы тікұшақтар мәселесі сөз болды, деп хабарлайды newsroom.kz. Жуырда елімізде орман өрті болып, оған тікұшақтар тартылып, әуе байланысына қажетті бұл транспорт түрінің маңызы артқан соң, newsroom.kz порталы ШҚО әкімдігіне ресми сұрау салған болатын. Бұл кезде әкім Даниал Ахметов емес, Ресейде Елші болған Ермек Көшербаев еді. Қазақстандағы танымал тележурналист Асхат Ниязовтың «Обожаю» YouTube арнасында Сізге дейін облыс әкімі болған Даниал Ахметовпен өткен сұхбатында облыс әкімдігінің балансындағы тікұшақтар мәселесі сөз болды. Осыған орай, Сізден:

  • Сұхбат барысында айтылған тікұшақтардың ендігі тағдыры қандай болады? – деген 2023-жылғы № ЖТ-2023-01147893 e-otinish.kz платформасындағы сұрауымызға:
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты жанында «Шығыс Қазақстан облысының авиациялық кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет етеді (бұдан әрі – Авиациялық кәсіпорын). Авиациялық кәсіпорын өз қызметін қолданыстағы заңнама мен кәсіпорынның Жарғысында көрсетілген мақсат міндеттерге сәйкес атқарады – деген жауап алдық.
  • Қазір қанша тікұшақ бар? Жыл сайын бюджет қаржысынан қанша қаржы жұмсалуда? – деген келесі сауалға:
  • Авиациялық кәсіпорында 2 (екі) МИ-8 МТВ және 7 (жеті) МИ-2 тікұшақтары бар. Кәсіпоорын бюджеттен дотация және қаржыландыру алмай өз қаржы-шаруашылық қызметін дербес жүргізеді.
  • Алдағы уақытта облыс әкімі ретінде тікұшақтар қызметін пайдаланасыз ба? – деген редакция сұрағына
- Авияциялық бөлімшенің тікұшақтары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, орман қорын күзету мен қорғау және арнайы әрекеттерді талап ететін басқа да авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылады – деген жауап берді. Айта кетейік, жауап хат ШҚО әкімі аппараты басшысының м.а. К. Бичуиновтың атынан келді. Редакция алдағы уақыттарда да осы тәріздес ақпараттарды назарда ұстап, оқырманына жеткізіп отыруға тырысады.

Қоңырақын ҚЫБЫРАЙ

   

Жүктелуде...