Еуроодаққа да газ керек
Еуроодаққа да газ керек
Барлық геосаяси бұрылыстарға қарамастан, Ресей өткен жылдар режимінде ЕО-ға «Түрік ағыны» арқылы газ жеткізуді жалғастыруда. Бұл туралы oilgaslook телеграм-арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазды.
Әрине, былтырғы жылдарға қарағанда биылғы жылғы көрсеткіш аз. Аталмыш дерекке сүйенсек, былтыр Украинадағы жағдайдың өзінде 350 млн. текше метрге жуық газ жеткізілген көрінеді.
Қазіргі уақытта 250 млн. текше метрден аса көгілдір отын тасымалдануда. Бұл дегеніміз ЕО-тың газға тәуелділігін көрсетеді.
Сонда еуропалықтардың Ресейге сөздері қарсы, ал істері керісінше болғаны ма? Мүмкіндікті пайдаланып отандық көгілдір отынды экспорттасақ, қай жеріміз кем?
Әділет ЖАППАС