Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Карантин талаптарын бұзу азаймай тұр

Карантин талаптарын бұзу азаймай тұр

Карантин талаптарын бұзу азаймай тұр
ашық дереккөзі
Карантин режимінің жеңілдетілуі және бизнес нысандарының жұмысқа қайта кірісуіне байланысты Қостанай облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг топтарының жұмыс көлемі артты деп хабарлайды, Newsroom+ тілшісі BAG.KZ сілтеме жасап.  width=
Олар қоғамдық тамақтану орындарының, дәмхана мен мейрамханалардың санитарлық-карантиндік тәртіптің белгіленген нормаларын сақтап-сақтамай жүргенін тексереді.
22 мамырда мониторинг тобы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, полицейлер мен әкімдік өкілдері жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында Қостанай облысының әкімшілік орталығында карантин талаптарын бұзушылар анықталды. Олар СЭҚ қызметкерлерінен қашып, жасырынған. Қала орталығындағы қорқор нысаны жұмыс істеп, келушілерді қабылдаған. Полиция қызметкерлері мен СЭҚ қызметкерлерін көрген бетте келушілер демалыс орнынан артқы есік арқылы қашып кеткен. Мұндай тәртіп бұзушылықтар үшін кафе иелері жауап береді. Бизнесмендер мұндай бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-тармағы бойынша 200-ден 400 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік сипаттағы жазаға тартылатыны туралы құлақтандырылғанына қарамастан, олар заңнама мен СЭҚ талаптарын бұзуда - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінде.
Мониторинг топтары карантиндік режимді бұзушыларды анықтау жұмысын бұдан әрі де жалғастырады. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында 2020 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 115 адам тіркелген, оның ішінде 53 адам сауығып шықты.