«Қарасора» арнайы операциясының бір айында полицейлер 233 қылмысты анықтады
«Қарасора» арнайы операциясының бір айында полицейлер 233 қылмысты анықтады
ІІМ баспасөз мәслихатында еліміздің оңтүстік өңірлерінен қарасораны өсіруге, дайындауға және әкетуге қарсы іс-қимыл бағытында «Қарасора» арнайы операциясы жалғасып жатқаны айтылды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Аталған шараға ІІМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелері жұмылдырылып, әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда.
Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ареалдарын ғарыштық зондтау бойынша «Қазақстан ғарыш сапары» мүмкіндіктері іске қосылған.
«Қарасора» арнайы операциясының бір айында полицейлер 233 қылмысты ашып, оның ішінде 87 өткізу фактісі, 33 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 86 фактісі, 4 есірткі зертханасы анықталды.
Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі, оның ішінде 642 кг марихуана, 29 кг гашиш, 4 кг синтетика және шамамен 1 кг героин тәркіленді.