Шемонайхада газ құю стансасындағы жарылыстан денесін күйік шалған екі адам көз жұмды
Шемонайхада газ құю стансасындағы жарылыстан денесін күйік шалған екі адам көз жұмды
Жарылыстан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылған еді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше олардың денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында үлкен жарылыс болып, төрт адам зардап шеккен болатын. Артынша ауруханаға жатқызылған.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.
- Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады, - делінген ақпаратта.Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.
- Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.