Тоқаев соңғы жағдайлар бойынша Путинмен сөйлесті

Тоқаев соңғы жағдайлар бойынша Путинмен сөйлесті
Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды newsroom.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі. Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
t.me/aqorda_resmi