Жаңалықтар

Сұмдық! Қас жұлынса өмір қысқарады екен

Сұмдық! Қас жұлынса өмір қысқарады екен

  Адамның денесіндегі өсетін түктердің өз қызметі бар. Соның бірі қас. Ол көзді сыртқы шаң-тозаңнан көзді қорғау функциясын атқарады екен. Былай қарап тұрсаң, қастың қызметіне аса мән бермейміз. Алайда сол қас жоқ болса, адамның түрі өзге планеталық боп қалар еді. Яғни ол түрге ажар береді. Сол үшін де әйелдер қауымы күтіп, сәнін келтіріп жүруге әдеттенген. Ал енді оны әсемдеймін деп артық етіп қоятын кездер бар. Жалпы қас жұлу шариғат бойынша күнә. Өйткені қас адам денесіндегі ең алғаш пайда болатын түк екен. Ол туралы 1400 жыл бұрын Пайғамбарымыз айтып кеткен. Бұл туралы бір хадисте: «Кімде-кім бетін майлағысы келсе, қасынан бастасын. Ол бас ауруының алдын алады. Қас – адам денесінде ең бірінші болып өсетін түк» делінген («Рамуз әл-Хадис»). Дәл осыны медицина профессоры Uvies Maskor-дің «Эмбриология» кітабында «Іштегі шарананың ең алғашқы түктері эмбриональді дамудың төртінші кезеңінде пайда болады және ең алғаш болып қас өсіп шығады» деп дәлелдеген екен, деп хабарлайды newsroom.kz. Жапон ғалымдарының зерттеуінше, қастың талшықтары тікелей мидың жасушасымен байланысты екен. Егер бір тал қас жұлынса, сонша жасуша өледі. Ол жасуша өлгенде мидағы нейрондардың бұзылуы адамдардың психикасында ауытқулар пайда болып, есте сақтау қабілеті бұзылады екен. Одан бөлек адамның қасы маңдайдағы аққан лас тердің көзге ағуынан қорғайды екен. Егер ол болмаса жұлынған қастың тесік орнына инфекция түсіп, көз жасаурап, көздің көруі нашарлайды. Ол туралы пайғамбар Мұхаммед с.а.с. былай деген “Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады” Абу Дауд, Тәрәжжул -5 (4170), Әл-Бухари -(5931), Муслим 2125 хадистер жинағында. Асыл дінімізде қас жұлу күнә болғанымен, ері рұқсат берсе, оның разылығы үшін қас жұлса, рұқсат екен. Өйткені әйелдер күйеуінің алдында әдемі болып жүруі өте қажет. «Күйеуі бар әйелге, ерінің рұқсатымен қасын жұлуына болады» дейді ғұламалардың кейбірі. Өйткені бұл да әдеміленудің бір түрі. Әйел өзінің ері үшін әдеміленуіне болады. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек, көпшілікке емес, жарыңызға әдемі көріну болуы тиіс екенін қаперде ұстаған абзал. Қазіргі таңда әсемдік салондарында қасты жұлмай-ақ қалыпқа келтіріп, реттеуге болады. Тек таңдау өзіңізде.