Нигерияда белгісіз аурудан 15 адам қаза тапты

14 Ақпан, 2020 138 0

Нигерияда белгісіз аурудың салдарынан 15 адам ажал құшса, 100-ден астамы ауруханаға түсті, деп хабарлады Kaztag.kz China Daily-ге сілтеме жасап.

«Нигерия үкіметі елдің орталық ауданында оннан астам адамның өліміне себепші болған жұмбақ аурудың себебін анықтауға тырысуда. Ауруды бақылау жөніндегі Нигерия орталығының (NCDC) басшысы Чикве Ихеквеазу шұғыл әрекет етудің ұлттық тобы Бенуэ штатының үкіметіне аурудың өршуін зерттеуге көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді», – делінген хабарда.

Басылым ақпарынша, адамдардың жұмбақ ауруға шалдыққаны туралы ақпар үш апта бұрын түскен, сол кезде алғашқы төрт адамның өлімі тіркелген. Оңтүстік Бенуэ ауданының өкілі депутат Абба Моро сенатқа бүгінгі таңда 15 адамның көз жұмғанын, 104-ке жуық тұрғынның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

«Моро елдің денсаулық сақтау министрлігінен ауру себебін анықтау үшін медициналық сарапшыларды жіберуін сұраған. Науқастардың жүрегі айнып, бастары ауырып, денелері ісіп, іштері өтеді екен. Сонымен қатар қалтырау белгілері байқалады екен», – делінген хабарда.

Дереккөз: aikyn.kz

Тегтер: Нигерия, әлем, жаңалықтар, аурухана, денсаулық, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.