Лукашенко Путиннің алдында «тізерлемейтінін» айтты

14 Ақпан, 2020 126 0

Беларусь президенті Александр Лукашенко мұнайды басқа елдерден оның бағасы ресейлік өнімнен қымбат болса да сатып ала беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Гомель облысына жасаған сапарында айтқан.  

А.Лукашенконың айтуынша, 7-ақпанда Сочиде өткен келіссөздер барысында Ресей президенті Владимир Путиннің беларус елінің мұнайды басқа жақтан сатып алатынына күмән келтіріпті. Лукашенко «Егер ол бәрібір ресейлік мұнайдан қымбат болып шықса, олай істеудің мәнісі қандай», - деген Путиннің сөздерін де келтірген. Бұған жауап ретінде Беларусь президенті Минск мұнайды қымбат болса да, басқа елдерден сатып ала беретінін хабарлаған. «Біз жыл сайын 31-желтоқсанда олардың алдында (Ресейдің алдында - Ред.) тізерлегіміз келмейді», - деп түсіндіреді Лукашенко.  

Дереккөз: nege.kz

Тегтер: АлександрЛукашенко, президент, Путин, өнім, сату

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.