«Ханның қызы» қайда жүргенін айтты
«Ханның қызы» қайда жүргенін айтты
Ел арасында “Хан қызы” аталып кеткен Гүлшара Әбдіхалықова қазір қайда жүр? Бұл туралы экс-әкімнің өзі айтып берді, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, екі жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған. Сол кезде полицейлер әкім келеді деп жолды жауып, басқа көліктерді жүргізбей қойған. Бұл жағдайға ашуланған қызылордалық тұрғын аудан аралап жүрген өңір басшысына барып «Жолды жабатын ханның қызысыз ба?» деп шүйліккен. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.
"Ханның қызы" қазір қайда жүргенін өзі айтты.
Қызылорда облысы әкімдігінен кеткен соң "ҚазМұнайГаз" компаниясында ірі жобаларды жүргізіп жатырмын. Әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, бұрынғы тәжірибем, облыстағы тәжірибем, Үкіметте жұмыс істегенім де жақсы көмектесіп жатыр. Кез келген жұмысқа білекті сыбанып кіріссең, нәтиже болады ғой, - деді Гүлшара Әбдіхалықова Atameken Business тілшісі Арай Сүгірбайға берген сұхбатында.Айта кетейік, Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бір жыл бұрын жаңа қызметке тағайындалған еді. Ол 6 маусымнан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі қызметіне кірісті.