Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны бақшасында мың түп қара сора өсірген

Алматы облысының тұрғыны бақшасында мың түп қара сора өсірген

Еліміздің өңтүстік өңірінде жылы күндердің тұрақталуымен құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіруге деген әрекеттер қолға алына бастайды, деп хабарлады ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті  width= Алматы облысының есірткі полицейлері жедел ахуалды зерделеу және пысықтау нәтижесінде өзінің бақшасындағы жер телімінде 1259 түп қара сора еккен, Қарасай ауданы Қолды ауылының жергілікті тұрғынын анықтады. Заңсыз плантация ғылыми-аграрлық тұрғыда егілген, яғни өсімдіктерді қоректендіру және тамшылап суару әдісі қолданылған. Бұдан әрі өсімдікті толыққанды суару көзделген. Қара сора плантациясын көршілерден жасыру үшін 2 метрлік қоршаумен қоршаған. Ұсталған адамның үйіне және шаруашылық құрылыс жайларына тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған үш пакет, сондай-ақ қара сора дәндері бар пакеттер табылды. Қара сора өсірілген плантация жойылды, - делінген ақпаратта. Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 330-бабы Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша жаза екі мың АЕК дейін айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.