Жаңалықтар

Қазақстандық банктер қарыз портфелінің сапасын қалай бақылап отыр?

Қазақстандық банктер қарыз портфелінің сапасын қалай бақылап отыр?

Бір айда топ-10 банктің үшеуі ғана ұзақ кешіктірілген қарыз көлемін азайтты, деп хабарлайды newsroom.kz.

1 мамырда ҚР ЕДБ несие портфелі 25,2 трлн теңге болды. Төлем мерзімі 7 күннен артық кешіктірілген несиелердің үлесі 5,97%, 30 күннен артық кешіктірілгендер үлесі 4,96%, 90 күннен артық кешіктірілген (NPL 90+) несие үлесі 3,53% болды. Бір айда үздік он кредитор банктердің ішінде тек үш ЕДБ ғана NPL 90+ көлемін төмендете алды. Ең жақсы көрсеткіштер Отбасы банкінде: 2% азайып, бар болғаны 2,5 млрд теңге ғана болды. Бір қызығы, банк 30 күннен артық кешіктірілген қарыздарды азайтудан да көш басында (бір айда 13,1% азайған), сондай-ақ 7 күннен артық кешіктірілген қарыздарды азайтудан да (бір айда бірден 21,4% азайған) ең алда. Нәтижесінде, банк портфеліндегі 7 күннен артық кешіктірілген қарыз үлесі 0,98%, 30 күннен артық кешіктірілген қарыз үлесі 0,43%, ал NPL 90+ үлесі бар болғаны 0,08% ғана. Бұл ҚР-да халық пен бизнесті несиелейтін ірі банктер арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Отбасы банкінің несие портфелі биыл 1 мамырында 3 трлн теңгеге жетті (бір айда 0,8% көбейген). Ескерту: Отбасы банкі тұрғын үй құрылыс жинақтары (ТҚЖ) және елдегі ең үздік мөлшерлемемен тұрғын үй қарыздары жүйесіне маманданған, сонымен қатар жеңілдетілген ипотекалық мемлекеттік бағдарламалардың операторы саналатын банк. Несие портфелінің мұндай мінсіз сапасы банк жұмысының моделі мен ТҚЖ ерекшеліктеріне байланысты. ТҚЖ аясындағы ипотека — қазақстандықтардың толық игеріп алған, шеберлікпен пайдаланып, несиені тәртіпті түрде қайтарып, уақытылы төлеуде қиындықтарға тап болмайтын несие түрі. Отбасы банкіне аударылатын тұрақты тұрғын үй жинақтары халықты тұрақты ипотекалық төлемдерге дайындап, пайдалы әдет пен қаржылық тәртіп қалыптастырады. Несие портфеліндегі NPL 90+ ай сайынғы төмендеуі бойынша екінші орында ЦентрКредит банкі: 0,8% айзып, 48,3 млрд теңге болды. Бұл ретте банктің несие портфеліндегі 7 күннен артық кешіктірілген несие үлесі бір айда 19,2% өссе, 30 күннен артық кешіктірілген қарыз үлесі 0,6% төмендеді. Нәтижесінде банк портфеліндегі NPL 90+ үлесі 2,06%, 30 күннен астам мерзімі өткен несие үлесі 3,47%, 7 күннен артық кешіктірілген несие үлесі 4,88% болды. ЦентрКредит банкі ҚР-дағы ең ірі кредитор-банктердің ішінде несие портфелінің сапасы бойынша екінші орында. Банктің несие портфелі биыл 1 мамырда 2,4 трлн теңге болды. Ай сайынғы динамикадағы NPL 90+ үлесін төмендеткен үшінші банк Jusan Bank: 0,7% азайып, 130,2 млрд теңге болды. Бұл банктің несие портфелінің 10,69%-ы. Несие портфелінің өзі 1 мамырдағы жағдай бойынша 1,2 трлн теңге. Айта кетерлігі, ҚР кредитор банктерінің ондығында Отбасы банкі мен ЦентрКредит банкінен басқа, портфель сапасы орташа деңгейден жақсы банктер қатарында Halyk Bank (NPL 90+ үлесі 2,2%) және Bank RBK (3 ,42%) бар. Ондықтағы қалған ЕДБ-дегі 90 күннен артық кешіктірілген қарыздар үлесін ондықтың орташа көрсеткішінен жоғары.