Жаңалықтар

Парижде жарылыс болды, 37 адам зардап шеккен

Париж орталығында 21 маусымда жарылыс болып, өрт шықты. Кем дегенде 37 адам зардап шекті. Төртеуі ауыр жағдайда, тағы екі адам үйінділердің астында болуы мүмкін, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға Франция астанасының бесінші ауданында, Люксембург бағы мен Пантеонға жақын жерде, Париждегі Америка академиясының ғимаратында болған. Алдын ала болжам бойынша, газдың жарылуынан кейін зардап шеккен ғимараттың қасбеті жолға құлағаны хабарланды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланған.  /><img src= Прокурорлар жарылыс себебінің екі нұсқасын - "қауіпсіздік ережелерін бұзу" және "жеке адамдардың абайсыздығы" бойынша зерттеп жатыр. Бұл туралы Париж прокуроры Лор Бекюо брифингте хабарлады.