Олар қоғамдық қорды ресми тіркеп, адамдардан ақша бопсалаған.
ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп
newsroom.kz хабарлайды
Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған. Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар.
Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген. Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған.