Найзағай, жел және жаңбыр: 22 маусымда ауа райы қандай болады?
Найзағай, жел және жаңбыр: 22 маусымда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық фронтал бөліктер ықпалында болады, найзағай болады, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады деп болжанған.
"Республиканың басым бөлігінде жел болады. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қарағанды қаласының орталығында, батысында, Қызылорда шығысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталған", - деді Қазгидрометтің баспасөз қызметі өкілдері.Жетісу, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Астанада 22 маусымда: көшпелі бұлт, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай ойнайды. Секундына 9-14 метр солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел соғады. Түнде ауа температурасы +7...+9 градус, күндіз + 18...+20. Алматыда 22 маусымда: көшпелі бұлт, аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде ауа температурасы +17...+19 градус, күндіз + 28...+30. Шымкентте 22 маусымда: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +18...+20 градус, күндіз + 32...+34.