Ерлан Атамбай жаңа қызметке тағайындалды

14 Ақпан, 2020 191 0

"Қазақстан" РТРК" АҚ филиалы "Kókshe" телеарнасының директоры қызметіне Ерлан Атамбай тағайындалды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі turkystan.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан Нұрбайұлы Атамбай – қазақ телевизиясында 20 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан маман. 

"Қазақстан" телерадиокорпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы бастады. "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы, "Қазақстан" РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті конвергенттік редакциясының жетекшісі қызметтерін атқарды. 

Бұған дейін Е.Атамбай "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметін атқарып келді.

Тегтер: "Kókshe"телеарнасы, жаңалықтар, директор, ЕрланАтамбай, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.