Қарағанды облысында болған ірі жол апатынан 2 адам қайтыс болды

14 Ақпан, 2020 126 0

«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолында болған жол апатынан 2 адам қайтыс болды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 ақпан күні сағат 10:00 шамасында болған. Екі жүк көлігінің арасына қысылып қалған «Фотон» маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды.

Қазіргі таңда Қарағанды облысының Полиция департаменті жол көлік оқиғасының себебін анықтап жатыр. Оқиға орнында «ҚазАвтоЖолдың» 13 арнайы техникасы жұмыс істеуде.

Тегтер: Қарағанды, жолапаты, өлім, көлік, жүргізуші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.