Бизнесмен-депутат Берденов үлкен айыппұл шағын бизнесті күйретеді депті

Бизнесмен-депутат Берденов үлкен айыппұл шағын бизнесті күйретеді депті

ашық дереккөзі

«Мен салық жүктемесін азайту және процедураларды жеңілдету мақсатында шағын бизнес үшін ҚҚС шегін көтеруді қарастыруды ұсынамын. ҚҚС бойынша шекті арттыру кәсіпорындарға ағымдағы шекті деңгейге жеткенде бірден ҚҚС төлеуші болмай, дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мен ҚҚС шегінен асып кеткені үшін айыппұлдарды алып тастауды қарастыруды ұсынамын», - деген Р. Берденов.
Парламент Мәжілісі депутаттарының жалпы отырысында Respublica партиясы фракциясының депутаты Руслан Берденов ҚҚС бойынша тіркеу шегін көтеру, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленген нормадан асырғаны үшін салынатын орынсыз айыппұлдарды алып тастау туралы осындай бастама көтерген. Тиісті депутаттық сауал ҚРң Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа жолдаған, деп хабарлайды newsroom.kz. Депутат мынадай статистиканы жария етті. Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 097 519 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 904 656-сы жұмысын жүргізуде. Бұл кәсіпорындарда 4 млн-нан аса адам жұмыспен қамтамасыз етілген. 2015-2020 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 24,9% - дан 32,8% - ға дейін өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 33,5%-ды құрады.
2022 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20%-ға өсті, алайда жұмыссыздық деңгейі төмендеген жоқ және 4,9% деңгейінде қалды. «Бұл Қазақстанда бизнестің іс жүзінде өспегенін айқын көрсетеді», - деп сендірген Р. Берденов.
Қызық сауал: бизнестен Мәжіліске келген халық қалаулысы Руслан Берденов кәсіпкерлікте жүргенде өзі қанша айыппұл төледі екен? Жүмәсіл ЖАПАБАЙ

Жүктелуде...