Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Атақты математик Шыңғыс хан қазақ болса не өзгеретінін айтты

Атақты математик Шыңғыс хан қазақ болса не өзгеретінін айтты

Атақты математик Шыңғыс хан қазақ болса не өзгеретінін айтты
ашық дереккөзі
Белгілі қазақстандық ғалым және физика-математика ғылымдарының докторы, «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап шығарған қазақтың математигі. Әдебиет пен тарихқа жақын қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевтың сұхбатында өткенге үңілмей, алға ұмтылу туралы айтқан, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Шыңғыс хан қазақ па? Осы әңгіменің өзі түсініксіз. Бірінші нұсқаны қазақ екен деп елестетейік. Одан не өзгереді? Марста алма гүлдей ме? Юпитерде жел тұра ма? Екі жерде бес бола ма? Әлде сізге мүйіз шыға ма? Мүйіз шықса, қанша сантиметр шығады? Мен осы әңгімені түсінбеймін. Бірақ бір ғана әңгіме, сіз артқа қарап емес, алға қарап жүріңіз. Бүгінгі күнді емес, ертеңгі күнді ойлаңыз” - деп күйінді танымал математик.
“Мәңгілік ел деп айтамыз. Мәңгілік ел деген қанша жыл? Бір жыл ма, он жыл ма, он бір жыл ма? Қанша? Оны қалай өлшейміз? Онда ертеді ойлаңыз. Онда сіз технократ болыңыз. Жапондар сияқты машина ойлап табыңыз. Таба алмасаңыз, соның інісін ойлап табыңыз. Ол болмаса мотоцикл, болмаса, велосипед ойлап табыңыз. Ол да болмаса дөңгелек ойлап табыңыз. Ойлап тапқан адамды құрметтейді. Өйткені тарихымыз терең деп айтасыз. Бірақ сіздің тарихыңыз өзіңізден басқа ешкімге керек емес? Сіз қай елді білесіз, тарихым терең емес деген. Сіз қай елді білесіз менің тілім бай емес деген. Сондықтан тарихым терең, тілім бай деген бос сөз. Одан бұны сіз кемшілік деп ұқпаңыз. Бұдан дұрыс қорытынды жасаңыз. Сөз бен істің алшақтығы бар. Жапония үшін сөз бен істің арасы бір сантиметр, ал Германия үшін екі, Америка үшін бес сантиметр. Ал қазақ үшін қанша сантиметр немесе қанша километр? Менің ойымша мыңдаған километр. Сөз бір бөлек, іс бір бөлек”,-дейді ол.  

Меруерт АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ