Жаңалықтар

"Қазақстан барысы" турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалу заңдылығы тексеріліуде

"Қазақстан барысы" турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалу заңдылығы тексеріліуде

Турнирге бюджеттен 1,075 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлім етті, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Сотқа дейінгі тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексерілуде. Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген агенттік хабарламасында.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.