Алматы: әкімінің тапсырмасы бойынша аудандарға жарық берілді

13 Ақпан, 2020 67 0

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегополис көшелерін жарықтандыру бойынша тапсырмасының орындалу барысы туралы хабарлады.

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін қаланың барлық аумағында көше жарығын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

«Қала әкімінің тапсырмасы аясында, біз өткен жылы түгендеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде, көше жарығы жұмыс істемейтін жекелеген учаскелер бойынша көптеген көшелер анықталды. Өткен жылы 19 көшенің сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы аяқталып, 1084 бірлік жарық желісімен қамтамасыз етілді», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сонымен қатар, Медеу ауданының әкімі қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасын орындаудың екінші кезеңінде ағымдағы жылы 279 көшеде және 27 аулада 6200 бірлік жарық нүктесін орнату, ал жеке учаскелерде жарықтандыру жоспарланғанын хабарлады. Бұдан өзге, жарықтандыру мәселесімен қатар күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

Брифинг барысында Сұлтанбек Мәкежанов жарықтандырылмаған көшелер тақырыбы әлеуметтік желілерде халықпен талқылау барысында анықталғанын атап өтті.

Тегтер: Алматы, әкім, Медеу, аудан, жарықтандыру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.