Washington Times: Қазақстан коронавируспен күресте өзге елдерге үлгі

Washington Times: Қазақстан коронавируспен күресте өзге елдерге үлгі

ашық дереккөзі

Қазақстан коронавируспен күресте Орталық Азиядағы елдерге үлгі. Осындай айдармен америкалық Washington Times газетінде мақала жарияланды, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі  «Хабар 24» сілтеме жасап. https://youtu.be/WenjKTmqSg0   Онда әлемді жайлаған індетпен Қазақстанның да бетпе-бет келіп, тез әрі тиімді әрекет ете білгені жайлы айтылған. Автор Қазақстан індеттің таралуы бастала салысымен қатаң карантин енгізіп, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін түрлі шаралар қолға алғанын атап өткен. Мемлекеттің індеттің кеңінен таралуына жол бермеуі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оң бағасына ие болған. Осылайша дертті бақылауына ала білген Қазақстан пандемиямен күресті одан әрі жалғастырып, дағдарысты байыппен еңсеріп келе жатыр деп қорытындылайды мақала авторы. Осы категория бойынша: « Қостанай облысында 200 шақырымнан аса жол күрделі жөндеуден өтеді Елордалық оқушылар қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалады »  

Жүктелуде...