Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында 59 жол жөнделеді

13 Ақпан, 2020 57 0

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеді.

Еске салсақ, 5 шілдеде өткен көшпелі жиналыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада орташа жөндеуден өткен жолдардың санын арттыруды тапсырды.

Осы мақсатта ағымдағы жылы Медеу ауданында жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

«Өткен жылы барлық 59 жолды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Бұл жоба тұрғындармен бірнеше рет талқыланды. Біз мамыр, маусымға дейін оң мемлекеттік сараптама алып, жазда толық асфальттау қарастырылған жерлерде күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз деп болжаймыз», — деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Бұдан өзге, ол жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге бақылау жасау аудан тұрғындарымен бірге жүргізілетінін атап өтті.

Бүгінде аталған мәселені толық шешу мақсатында қалалық мобильдік басқармасымен осы көшелерді күрделі жөндеу және абаттандыру жобасы әзірленуде.

Сонымен қатар, ауа райы жылып, тұрғындар саз-батпақ кешуі мүмкін. Бұл мәслені болдырмау үшін қиыршық тас себу жүзеге асырылады.

Тегтер: Алматы, жаңалықтар, құрылыс, жол

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.