Алматыдағы көлік сататын мекеме қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан
Алматыдағы көлік сататын мекеме қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан
Алматының іргесінде көлік сататын мекеме қызметкерлері ана тілінде жауап беруден бас тартқан, деп хабарлайды newsroom.kz. ZTB kz-ке сілтеме жасап. Видео авторының айтуынша, көлік сату және жөндеумен айналысатын мекеме қызметкердері үзілді-кесілді қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан. Автордың “не үшін?” деген сұрағына “жауап беруге міндетті емес” екенін айтқан.
“Сіз түсіруге құқығыңыз жоқ. Менің атым Рахат. Негізі ұлтым қырғыз. Ешкім қазақша жауап беруге міндетті емес. Еш жерде қазақ тілінде жауап берсін деп жазылмаған”,-деп жауап қатты.
Содан соң тағы да екі-үш адамға “маған қазақша түсіндіріп беретін қызметкер бар ма?” деген сұрағы жауапсыз қалды…
P.S. немесе тіл туралы тілші түйіні
Жалпы еліміздегі мемлекеттік тілдің жағдайын айтып, зарлап келе жатырмыз. Өкінішке орай, кейбір жандар өз елімізде ана тілімізде сөйлемек түгілі, құрмет тұтуды білмейді. Қаншама рет айтылды, жазылды. Бірақ, нәтиже жоқ. Конституциямызда қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп айқайлатып жазып қойсақ та, қазақ тіліміз жетім баланың күйін кешіп жүр. Отыз жылдан ассақ та, сол баяғы бодандықтың ығынан шыға алмаудамыз.
Меруерт АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ
https://www.instagram.com/reel/CtjEA1UNM_5/?igshid=MTBlZjE4YzMxOA==