Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына аз қалды

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына аз қалды

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына аз қалды
ашық дереккөзі
  Биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап президенттің тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі басөа органдармен бірлесіп, елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүзеге асыруда,-деп хабарлайды newsroom.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Көліктерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Және әріқарай мерзімді ұзарту мүмкін емес. “16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтуде. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды. Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды. Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді. Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады”, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.