Қордайда үйінді астынан адам мәйіті табылды

13 Ақпан, 2020 157 0

Қордай ауданында үйінді астынан бір адамның денесі табылды. Әзірге мәйіттің неден көз жұмғаны белгісіз. Оның тәртіпсіздік салдарынан немесе басқа жағдайда қаза болғанын сараптама анықтайды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпараттық агентігінің тілшісі Sputnik Қазақстан-ғасілтеме жасап.

Жедел тараған бұл ақпаратты БАҚ һкілдеріне Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов хабарлаған.

"2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығының ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған), тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан бір адамның күйген денесі табылды", - деді әкімнің кеңесшісі.

Бұл адамның кім екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Жедел алдын-алу шаралары жүргізілуде.


Тегтер: Қордай, мәйіт, Жамбылоблысы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.