Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 26 жасқа толады. Осыған орай, әншінің қытайлық фан-клубы "Димаш" атты 2780 ағаш отырғызған деп хабарлайды Newsroom + тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.
Димаш Құдайбергеннің қытайлық табынушылары аспан асты елінің солтүстік-батысындағы шөл даланың шекарасында 2 780 ағаш отырғызып, оған сүйікті әншілерінің есімін берген.
"Димаш Құдайбергеннің 26 жасына арнайы сыйлық. Dears Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл даланың маңына құмды тоқтату және желдің әсерін азайту, сондай-ақ, қоршаған ортаны жақсарту үшін "Димаш" атты 2780 ағаш екті", - деп хабардер етті әртістің фан-клубынан.
Әншінің тыңдармандары отырғызылған ағаштар аймақты желден, құм боранынан сақтайды деп үміттенеді.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе қаласында дүниеге келге. Оның ата-анасы ерекше даусымен қазақ еліне танымал Қанат-Света Айтбаевтар.
Ал дүниежүзін ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш ән айтып қана қоймай, футболды да жақсы ойнайды.