Жаңалықтар

Киелі Түркістанда Ұлттық құрылтай басталды

Киелі Түркістанда Ұлттық құрылтай басталды

  Түркістан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды newsroom.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Ұлттық құрылтайдың алғашқы басқосуы былтыр Ұлытау облысында өткен болатын. Сол кезде Президент Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістан қаласында өтетінін айтқан еді. Жиынға құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, мемлекет хатшысы Ерлан Қарин, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар арнайы қатысады. Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында жұмыс секцияларының отырысы ұйымдастырылды. Онда «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын атады. Әр министрліктің басшылары модератор болып, сөз сөйледі.