Жаңалықтар

Президент жаңа елшілерді тағайындады

Президент жаңа елшілерді тағайындады

Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып, оның орнына Бақыт Дүйсенбаев тағайындалды; Ал Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды; Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.