Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

5 айда елордаға 425 млрд теңге инвестиция тартылды

5 айда елордаға 425 млрд теңге инвестиция тартылды

5 айда елордаға 425 млрд теңге инвестиция тартылды
ашық дереккөзі
  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады Newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қала басшысы президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндалды. Биыл 5 айда шаһарға тартылған инвестиция көлемі 425 млрд теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы кеңезімен салыстырғанда 20%-ға көп. Сондай-ақ 2023 жылы Астанада 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 87 млрд теңге тартуға және 1,8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысына тұрғын үй алаптарын дамыту, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу, әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу және қаланы абаттандыру мәселелері жөнінде есеп берілді. Оның айтуынша, биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтер және 16 үлескерлік құрылыс нысанын салу жұмыстарын аяқтау жоспарда бар. «Елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту үшін биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы аяқталып, қаланың қоғамдық көлік бағдарлары бойынша 400 жаңа автобус пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылысының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, ССС-3 станциясы пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты тәулігіне 100 мың текше метр су жеткізуге жетеді. ССС-3 станциясының бірінші кезеңін маусымның соңында, екінші кезеңін биыл тамызда іске қосу жоспарланып отыр. Бұған дейін Астана су қоймасынан су құбырын тарту жұмыстары басталған болатын», - деп жазылған хабарламада. Президенттің тапсырмасы бойынша қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Биыл 150-ден аса аула мен қоғамдық орындарды абаттандыру жоспарланған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық жөнінде бірқатар тапсырма берді.