Жаңалықтар

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

  Астанада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп newsroom.kz хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Иманбаева көшесінде орташа жөндеу жұмысын жүргізуіп жатыр. Жөндеу жұмысы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілген. «Осыған байланысты 15-18 маусым аралығында Ш.Иманбаева көшесінің Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек», - деп жазылған хабарламада.