Алматыда із-түзсіз жоғалған үш жасөспірімнің мәйіті табылды

13 Ақпан, 2020 129 0

Алматыда із-түссіз жоғалған үш жасөспірімнің мәйіті табылды.  Қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мектеп жасындағы балалар судан табылған, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпараттық агентігінің тілшісі kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

«Күндіз мектепке барғаннан кешке қайтып оралмаған балалар туралы  Алатау ауданының полиция бөліміне кешкі сағат 21:00 уақытында хабарланады.

Алатау ауданындағы Теректі ықшам ауданындағы резервуардың жағасында жоғарыда аталған кәмелетке толмаған оқушыларға тиесілі үш мектеп сөмкесі табылады. Содан соң іздестіру жұмыстарына республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері де қосылған. Бүгін таңғы 8.00-ге жақын балалардың денесі судан табылды », - делінген  хабарламада.

Қазір 13 жастағы Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсегалиевтердің жоғалуы және өлімі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Балалардың өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, мамандар іске кіріскен.

Тегтер: Алатауауданы, Теректі, мектепоқушылары

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.