Ақмола облысында өрттен бір отбасы қаза болды

13 Ақпан, 2020 140 0

Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Онда жеке үй өртеніп, бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Көз жұмғандардың біреуі - үш жасар бала. Өрт сөндірушілер ауылға жеткенше, үйдің шаңырағы ортасына түскен.

"Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы - 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды", - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма басшысы Денис Шелкоплясов.

Кешке тұтанып, артынан күшіне мінген өрт туралы көршілес ағайындарының бірі байқап әкімге хабарлаған. Хабар жетісімен жолға шыққан құтқару қызметі 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласын құтқара алмады.

"Өрттің тым жылдам өршуіне - үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болды", - дейді өрт сөндірушілер.

Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Белгілісі, ерлі-зайыпты екеуі талай рет арақ ішіп, жанжалдасуымен көзге түскен. Құқық қорғау органының қызметкерлері бірнеше рет профилактикалық кеңес өткізіп, ескерту де жасаған.  

Тегтер: Ақмола, облысы, өрт, отбасы, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.