Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тілімді қышытпаңдар, ағамды соңына дейін қолдаймын –Төреғалидың қарындасы

Тілімді қышытпаңдар, ағамды соңына дейін қолдаймын –Төреғалидың қарындасы

Тілімді қышытпаңдар, ағамды соңына дейін қолдаймын –Төреғалидың қарындасы
ашық дереккөзі
Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізгеен әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде ағасын қорғап, жазба қалдырды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осы жолы үнсіз қалмаймын! Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым! Сүрінгенге жұдырық болған әрқайсының жазаларын осы өмірде берсін! Айтарым көп.Бүкіл әлем қарсы шықса да, мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын!, - дейді Дина Төреәлі.
Ол қолымнан қолымнан келсе, біраз нәрсе істер едім бірақ бір Алланың өзі жеткілікті деп отыр.
 Видеода көрген өтірік геройлар туралы жазарым көп. Кім не десе де, аяқтан шалса да, ол біз үшін ең мықтысы. Алланың оған берген рухы мен мінезін тартып аласыздар ма? Қолдарыңнан басқа не келеді? Қазақтың басқа мәселесін шешу ма? Бұдан әрі қарай ашып дым айтпай-ақ қояйын!Қазақтың шырылдаған кішкентай 5 жасар қыздарын зорлап бостандықта шалқып жүрген педофилдерді солай ұстаңдар! Мықты болсаңдар! Тілімді қышытпай отырыңдар, - дейді әншінің қарындасы.
Айта кетейік, кеше Алматыда Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алынды.