Кәсіпкерлер Қапшағайлық 30 отбасына пәтер сыйлады

13 Ақпан, 2020 54 0

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қапшағай қаласындағы 30 отбасыға пәтер сертификаттарын табыс етті . Баспаналы болғандар арасында көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен І және ІІ топтағы мүгедек жандар бар,-  деп хабарлайдыNewsRoom+ ақпараттық агентігінің тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Teniz Towers» тұрғын үй кешенінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлерді бизнесмендер Болат Әбілов пен Ораз Жандосов басқаратын «Eneverse Kunkuat» ЖШС өз қаржысына сатып алған. Айта кетерлігі, бұл компания біршама уақыт бұрын Қапшағай маңына 100 МВт қуаты бар күн электр станциясын енгізген еді.

Пәтерлі болғандарды құттықтаған Амандық Баталов облыста халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесі бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, бұл істе аймақ меценаттарының зор қолдау білдіріп отырғанын тілге тиек етті. 

«Былтыр облыста 894 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп көрсеткіш. Халықтың аз қамтылған бөлігі мен тұрғын үй кезегінде тұрғандарды қолжетімді баспанамен қамтуда мемлекетпен қатар, жергілікті меценаттар да көп көмек көрсетуде. Ал бүгін біз облысымызда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан бизнесмендердің өз қаржысымен көпбалалы жанұяларға, жетім балара мен мүгедек жандарға 30 пәтер сатып алып бергеніне куә болып отырмыз», – деген облыс басшысы бизнесмендерге алғысын білдірді.

 Айта кетерлігі, осыған дейін Алматы облысында «Нұрлы жер», «7-20-25» және «Бақытты отбасы» мембағдарламаларының арқасында 2443 отбасы баспанаға қол жеткізді, олардың 1779-ы – әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы аналар.




Тегтер: Алматыоблысы, пәтер, БолатӘбілов, АмандықБаталов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.