Жаңалықтар

Төреғали Төреәлі тағы полицияға түсті

Әлеуметтік желіде белгілі эстрада жұлдызы Төреғали Төрәлінің мас күйінде көлік айдап полицияға түскені туралы видео тарады, деп newsroom.kz хабарлайды el.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода әнші анық көрінбейді. Бірақ куәгердің айтуынша, көлік иесі Төреғали Төреәлі. Ол көлікті мас күйінде жүргізген. Айта кетейік, бұған дейін ол былтыр Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағындағы бұзақылық жасап, қамалған еді. Кейін 10 миллион кепілдік төлеп босап шықты. Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!