Елордада алғаш рет соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді
Елордада алғаш рет соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді
25 мамырда еліміз бойынша барлық мектепте оқу жылы аяқталады. Биыл пандемия кезінде қашықтан оқу форматына байланысты мемлекеттік қорытынды емтихандар болмайды деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жылдық қорытынды бағаны қою үшін мектептерде бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілді. Бұл туралы кеше өткен брифинг барысында елордалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.
"Бүгін 22 мамырда 11:00-де «Балапан» және «Еларна» арналарында 11 сынып бітірушілердің кәсіби бағдары бойынша телесабақ өтеді. Биыл мектеп бітіру шаралары «Birgemiz: Түлек – 2020» ұранымен өтеді. 25 мамырда сағат 11:00-де барлық мектептерде ата-аналар, қамқорлық кеңесінің мүшелері, мектептің үздік түлектері, бизнес өкілдерінің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-соңғы қоңырау өтеді. Асхат Аймағамбетовтың құттықтауы болады" , - деді ол.3-маусымда мектептерде 11 сынып түлекеріне аттестат пен «Алтын белгі» табыстау салтанаты өтеді. Жиын мектептің ауласында ашық аспан астында санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Түлектер мектеп формасымен қатысу туралы ескертілді. Салтанатты жиыннан соң «Түлектер аллеясында» ағаш отырғызу жоспарлануда.
"Мектеп әкімшілігіне мейрахналар мен дәмханаларда мектеп бітіру кешін өткізу кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеуге міндеттелді" , - деді басқарма басшысы.Осы жылы елорда мектептерін 6 515 түлек бітіреді. Оның 6 199-ы немесе 95 % ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. ҰБТ санитарлық нормаларды сақтай отырып, 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылады. Тест тапсыру уақыты 3 сағат 50 минут, ол екі бөлімнен тұрады – үш міндетті пән (20 тапсырма) және бейіндік пән (30 тапсырма).