Жаңалықтар

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қызы әлеуметтік желілерде көзге түсті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қызы әлеуметтік желілерде көзге түсті

Әлеуметтік желілерде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қызының қымбат брендтерден киініп, сауық–сайран салып жүрген видеолары қызу талқыға түсті. Бұл туралы newsroom.kz сайты Uzynqulaq  телеграм ға сілтеме жасап жазды.
20 жастағы бойжеткеннің қымбат әшекейлері мен танымал бренд сөмкелерінің бағасы желі қолданушыларының ашуына тиді.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына 15 миллиондық алқасы мен 8 миллиондық жүзігін, Cartier брендінің 14 миллиондық алқасының суретін жүктеген. Әрі әкімнің қызында Hermes брендінің бірнеше сөмкесі бар екені байқалады. Ал ол сөмкелердің бағасы 21 миллион теңгеден асады. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев осыған дейін жалақысы 1 миллион 900 мың теңге екенін мәлімдеген болатын. Алайда оның қызының 21 милииондық сөмкемен жүргені желі қолданушыларының шамдандырды. «Оның осы сауық–сайранының құны 14 адамның өмірімен өтелді», «Осы сөмкелермен қанша халықты қамтамасыз етуге болар еді», «Ал мұның орнына жабдықтар алуға болар еді», «Халықтың қауіпсіздігіне бөлінген қаражат кімнің қалтасында кеткені белгілі болды» деп жазды желі қолданушылары.