Блогер Роза Әшірбаева “Әркім өз қотырын өзі қасуы керек”
Блогер Роза Әшірбаева “Әркім өз қотырын өзі қасуы керек”
Қаржыгер, блогер Роза Әшірбаева журналист Асхат Садырбайдың “Парадокс” бағдарламасында қонақта болды. Ол бүгінгі таңдағы отбасылық мәселелер турады сөз қозғады. Еркек жауапты, әйел ақша табуы керек, отбаслық теңдік, кедейлікте өскен балалардың ертеңгі күнге сенімсіздігі сынды әртүрлі тақырыптар туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Негізі мен қаржылық сауаттылық туралы кеңесші маманымын. Бірақ бүгінгі таңда маған келушілердің басым бөлігі отбасылық қарым-қатынастан ары аса алмайды. Өйткені біздің қоғамдағы басты мәселе осы болып отыр. Қазір бізде мынадай бар, еркек баланы тұрмыстық мүгедек етіп тәрбиелеу. Ол дегеніміз не? Ол ұл балаға үйдің жұмысы істетпей, отыра бер дегеннен шығады. Ертең ол бала үйленеді. Сосын оған ал әйел, бала-шағаңды бақ дейді. Ол өз басының ісін шеше алмаған адам, қалай бірден ақша тауып, асырайды. Міне сондықтан оған кішкентайынан төсегіңді жина, ыдысыңды жу, тамақ істе деп үйреткен дұрыс. Сонда оның бойында жауапкершілік пайда болады. Кедей отбасыдан шыққан бала кейін өзіне сенімсіз болады. Көздері соқыр, жұмыс істей алмайды. Мемлекеттен ыңылдап жәрдемақы сұрап отыратын балалар туады. Кедей отбасыдан шыққан отбасының 90 пайызы түрмеде отырады. Өйткені ол кедей отбасыдан біріншіден, ағасынан қалған жыртық киім киіп өсті. Ол “ананы кием, мынаны ішем” деп айта алмайды. Амбиция болмайды. Өскенде ол өзіне сенімсіз болып өседі. Кейін әрине ол ұрлыққа барады. Себебі ол да жылтырақ өмірге қызығып, әдемі киініп, айфон телефон ұстағысы келеді. Жұмысқа тұратын кезде пара береді. Өйткені өзіне сенімсіз. Өзіне сенімсіз адам қалай мен білімдімін деп айтады. Айта алмайды. Бізде отбасылық тәрбиеде қыз баласына жауапкершілікті сезінуді көптеп міндеттейді. Ал ер баланы ол ұйықтасын, ештеңе істемей-ақ қой дейміз. Осыдан кейін қыз баласы күйеуге шықса да, ақшасын да тауып, жұмыс істеп кетеді. Жалпы отбасыдағы әйел болсын, еркек болсын ол екеуі екі тұлға. Бір-біріне жауапкершілікті артпау керек. Еркек жату керек, әйел үйді де қарап, бала да туып, ақша таппау керек немесе қыз күйеуге тиіп, жұмыс істемей жатып, күйеу бағы керек. Ол қате пікір. Әркім өз қотырын өзі қасуы керек”,-деді ол.