Жаңалықтар

Айгүл Орынбек: “Отыз жыл басқарған жемқорлардың жүгін жалғыз өзің арқалап тұрғандайсың!”

Айгүл Орынбек: “Отыз жыл басқарған жемқорлардың жүгін жалғыз өзің арқалап тұрғандайсың!”

  Экология министрі Зульфия Сүлейменова президентпен бірге қаза тапқандардың туыстарымен кездесуде жылап тұрған видеосы тарады. Ол өрт кезінде қаза тапқандардың жақындарын тыңдап, жылап қалады. Жас министрге заңгер Айгүл Орынбек араша түсіп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазады newsroom.kz. “Жаным-ау, халықтың алдында көзін көтеріп қарай алмай, жылап тұр. Отыз жыл басқарған жемқорлардың жүгін жалғыз өзің көтеріп тұрғандайсың. Сағың сынбасын, сен жалғыз емессің. Бұл сыбайласқан жүйені тазалау мүмкін емес екенін білем. Бірақ берілме, қайтпа, көтер басыңды! Сен жылама, мойныңа осындай ауыр шоқпарды іліп қойған жемқорларды жылат! Бүкіл жүйедегі былықтарды ашық айт, көрсет! Нәзіктік танытпа, біздің ақша құныққан жемқорлар сенің әйел заты, нәзік жанды екеніңе қарамайды. Өзіңнің әлсіздігіңді көрсетпе! Кеше келген бұл қызда нелерің бар? Шамаларың тек осы қызға жетіп тұр ма?”,-деп жазды ол. Естеріңізге сала кетсек, Абай ауданындағы орын алған өртке бей-жай қараған министрді президент жұмыстан босатқан еді. Одан бөлек Абай ауданы әкімі сөгіс алып, Сүлейменова да маңызды мәселелерді шешуде әлсіздік танытқаны үшін сөз естіген. Өйткені 29 мамырда Сүлейменова жұмыс сапарымен «Семей орманы» резерватына жеке өзі барған. Мемлекет басшысы барлық кінәлілер тиісті жазаларын алатынын баса айтқан болатын.