Жаңалықтар

Маңғыстаудың бас дәрігері тағайындалды

Маңғыстаудың бас дәрігері тағайындалды

 Маңғыстау облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып  Жамал Жаманбаева тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспаөз қызметі тағайындалды.
 width=
ҚР денсаулық сақтау министрінің келісімімен және Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Жамал Жаманбаева басқарма басшысы болып тағайындалды. Ол  бұған дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарып келген болатын,- делінген хабарламада.
Жамал Әбдібекқызы 1965 жылы 15 тамызда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Таушық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1988 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1988-1989 ж.ж . – Жаңаөзен қалалық перзентхана интернатурасында; 1989-2002 ж.ж. – Бейнеу аудандық перзентханасында босану бөлімінің меңгерушісі; 1996-1997 ж.ж. – Бейнеу аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары; 2002-2004 ж.ж. – Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы; 2004-2009 ж.ж.- Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы; 2009-2011 ж.ж.-Ақтау қалалық перзентханасының директоры; 2011 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін – Облыстық перинаталдық орталықтың директоры қызметін атқарды.