Жаңалықтар

Бауыржан Ибрагимов: “Болат Назарбаевтың ауырғанына сенбеймін! Жап-жас жігіт!”

  90 жылдарда "Бауыржан шоу" әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушы, әртіс Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында болып, Назарбаевтардың отбасы туралы сыр шертті, деп жазады newsroom.kz. “Нұрсұлтан Әбішұлымен араласпағалы көп болды. Ол кісіні соңғы рет 2017 жылы жаңа жылда көрдім. Бірге болдық, ол кісі былай көпшіл адам. Қазақилығы, адамдармен араласып, әңгіме айтуы жақсы. Өз басым ол кісіге деген көңілім таза. Бірақ саясатпен, өмірде болып жатқан дүниелермен салыстырғанда “әттеген-ай” көп. Ол кісі жақсы лидер, саясаткер. Бірақ елімізде өзімізге керек дүниелерге мән бермей кетті. Ол жоғары жақты аңсап кетті. Дүниежүзі ол кісіні танып, сыйлағаны жақсы, бірақ біздің өз жеріміз, халқымыз, әл-ауқатымыз бар. Тым болмағанда ата-бабамыздан келе жатқан ауыл шаруашылығын сақтап қалуымыз керек еді. Бұрынна келе жатқан нәрселерді сақтап қалуымыз керек еді. Соларға онша көңіл бөлмеді. Ол кісі бірден Америка болғысы келді. Бірден капитализмге өтіп кеткісі келді. ”, – дейді Бауыржан Ибрагимов. Сондай-ақ ол бұрын жақсы араласқан Болат Назарбаев туралы да өщ ойын айтып өтті. “Мен онымен хабарласпағалы көп болды. Көп нәрсеге сене беретін жастан өтіп кеттім. “Ойбу, бейшара” деп аяп, сенетін жас болады. Ал есейіп, ақыл тоқтатқан кезде көп нәрсеге сене бермейсің. Сондай жағдайда жүрген, дүниесі бар адам ауырды дегенге сенбеймін. Ол – дені сау, жап-жақсы жүрген жігіт. Мен солай ойлаймын. Көзбен көрмегеннен кейін бір нәрсе айту қиын. Мүмкін, ауру шығар. Бірақ өз басым сенбеймін”, – дейді ол. Естеріңізге сала кетсек, “Бауыржан шоу” театры 1993 жылы құрылған. “Тамаша” әзіл-ысқақ театрынан соң, қиын кезеңдердегі оқиғаларды әзілмен, астарлап жеткізе білген театр. Сол шынайылығымен көрермендердің көзайымына айналған өнер ошағы. Бүгін бұл театрдан түлеп ұшқан дарынды жастар, өнердің шоқ жұллдыздарына айналған.