Қарқаралы мен Бұхар Жырау аудандарында жарық өшіп қалды
Қарқаралы мен Бұхар Жырау аудандарында жарық өшіп қалды
Кен тасушы көлік тоқ сымдарын үзіп кетуі салдарынан апатты жағдай орын алған, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарында 20 шақты ауылда электр жарығы сөніп қалған. Қарағайлы аумағындағы тоқ сымдарын кен тасушы көлік үзіп зақымдап алған.
"Ботақара" қосалқы стансасы, Ульяновка- 1, Ульяновка-2 қосалқы стансасы, Пушкин қосалқы стансасы, Бабаева, Корнеевка СС, Хорошевская СС, Кр.Октябрь СС, Озерная-1 СС, Нұркен СС, Алыс СС, Ынталы СС, Матак СС, Жусалы СС, Кузнецкая СС, Пролетарка СС, Карбышевка СС, Қарқаралы СС, Қарағайлыда тоқ сөнді . Қарқаралы және Бұқар жырау аудан орталықтарында кейбір аумақтарда электр жарығы жоқ”,- деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Шенеуніктердің мәліметінше қазіргі уақытта "Қарағанды Жарық" ЖШС жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.