Жаңалықтар

Сұмдық! Египетте акула адамды жеп қойды

Сұмдық! Египетте акула адамды жеп қойды

  Хургададан қорқынышты бейне. Куәгерлер акуланың ер адамды қалай жегенін түсірген, деп хабарлайды newsroom.kz. Жыртқыш Хургадтағы қонақ үйдің жанында, жағадан шамамен 30 метр жерде ер адамға шабуыл жасады. Соңғы бірнеше күн демалушылар ірі су тіршілік иесін көрген, бірақ олар дельфиндер жүзіп жүр деп ойлаған. Оқыс оқиға Dream Beach қонақ үйінің жанында болды. Туристердің айтуынша, ер адамды құтқаруға тырысқан, алайда акула оны су астына сүйреген. Марқұмның турист емес екендігі хабарланды. Бұл Египетте ұзақ уақыт өмір сүрген орыс ұлтының азаматы. Бұл уақытта қаладағы барлық жағажайлар жабылған. Египеттің теңіз полициясы азаматтарға суда қауіпті екенін ескертеді. Бұл қазақстандық туристерге де қатысы бар екені ескертіледі.